Қаладамыздағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыста инфекцияны және халықты вакцинациялау мәселелерін шешуге қарсы жұмыс барысы қаралып, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес «қызыл» аймақ өткені айтылды. Соңғы үш күн ішінде Ковид-19 пен түскен науқастар көрсеткіші күніне 100-ден асып жығылады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыру санының өсуін ескере отырып, карантиндік талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды. Мемлекеттік органдардың жауапты өкілдеріне екпе алу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын барынша күшейтіп, тұрғындарды өз денсаулығын сақтауда жауапкершілік танытуға шақырды. Қазіргі уақытта қаламызда 45 вакцинация пункттері жұмыс істеуде. Кездесу барысында Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Бекбауова, екпе алған азаматтардың индикаторы қаланың бүкіл ересек тұрғындарының 50 пайызынан асатынын айтты.
«Бүгінде коронавирусқа қарсы 536 000 адам вакцинацияланды. Олардың ішінде вакцинаның алғашқы компонентін алғандар 273 777 азамат. Бұл халықтың 50 пайызынан асады. Екінші компонентті 167,140 адам алған. Қазақстанның өңірлері арасында Шымкент қаласы жетекші позицияда тұр», — деді салаға жауапты маман. Қала әкімдігінде Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Қаладағы кәсіпкерлік субъектілері үшін Ashyq жобасы іске қосылған. Ashyq пен қамтылған кәсіпкерлік нысандарының саны — 676. Тіркелгені- 182 өтінім. Оның ішінде 139-ы «сары», 56-ы «қызыл» мәртебемен анықталды. Сондай-ақ, жиналыс барысында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, карантиндік мемлекеттік органдардан бақылауды күшейту, вакцинацияны кеңінен насихаттау үшін түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар тапсырылды. Денсаулық зор байлық екенін ескерсек, өз денсаулығымызға жауапкершілік пен қарап, жақындарымызға жанашыр болайық!
Comments