Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қ. Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде «Елтаңбасы мен еңселі, Әнұранымен айбарлы, Туымен тұғырлы»-атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік әнұранды шырқаудан бастау алған іс-шара аясында оқушылар рәміздеріміздің маңыздылығы, шығу тарихы туралы сұрақтарға жауап беріп, жыр шумақтарын оқыды.
Жастарымызды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет жасауға, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында бастау алған мерекелік іс-шара аясында»Жазғы мектепте» білім алып жатқан барлық сыныптарда ашық тәрбие сағатымен жалғасын табуда.
Іс-шара барысында бейнебаян көрсетіліп, мемлекеттік рәміздер тарихынан ақпараттар берілді. «Рәміздерім- мақтанышым» атты кітап көрмесі жасақталды.
РӘМІЗДЕР — МАҚТАНЫШЫМ
Мерекелеудің басты мақсаты халыққа патриотизмді насихаттау, азаматтарда елдің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып, ел болашағы жас ұрпаққа тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің дәлелі екені бәрімізге мәлім. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, рәміздер күні құтты болсын!
Comments