Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын кең көлемде насихаттау, сонымен бірге тәу етер Тәуелсіздігіміз бен айбарлы азаттығымыздың 30 жылдығы қарсаңында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың имиджін насихаттау және арттыру мақсатында журналистер күні қарсаңында Шымкент қаласының мамандандырылған өрт сөндіру жасағының аумағында өңір журналистерінің қатысуымен өрт сөндіру-құтқару квесті ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараға «Отырар», «НарТВ», «Оңтүстік» телеарналарының, «Қызмет» республикалық басылымының өкілдері Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысты. Барлығы әрқайсысы 2 қатысушыдан 4 команда бақ сынады.
Жарыс басталар алдында журналистерге толық нұсқаулық таныстырылып, арнайы киім беріліп, әр киімнің элементінің мақсаты, әр кезеңнің өту ерекшеліктері түсіндірілді. Барлық жоспарланған кезеңдер жоғары дәрежеде өтіп, квест қатысушыларына жауынгерлер арасындағы үйлесімділік түсіндірілді.
Өткізілген кезеңдердің нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, бас жүлдені «Оңтүстік» телеарнасының тілшілерінен құралған «Оңтүстік» командасына бұйырса, «Отырар» телеарнасының «Комета» командасы 1-орын алды, «НарТВ» телеарнасының журналистері екінші орынға орынға табан тіресе, үшінші орынды республикалық «Қызмет»газетінің тілшілерінің еншісіне бұйырды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді.
Өрт сөндіру-құтқару квестінің бас төрешісі ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев лайықты сыйлықтарды табыстай отырып, тығыз ынтымақтастық үшін өз алғысын білдірді. Өз кезегінде БАҚ өкілдері де журналистер арасында осындай игі шараның өтуіне ұйытқы болған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Comments