Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Білім бәсекесінде Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте Гран-при жүлдесін иеленді. Бұл жетістік өңірдегі ауыл мектептерінде білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көрсетіп, жас өрендердің әлеуеті жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Республикалық білім додасында өңір намысын қорғаған 30 оқушының 20-сы жүлдегер атанды. Оның ішінде 6 оқушы І орын, 8 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар екі оқушы мақтау қағазымен марапатталды. Команданың осындай жоғары көрсеткішке қол жеткізуі қатысушылардың жеке дайындығымен қатар, өңір мектептеріндегі пәндік білімді тереңдетуге, оқушылардың қабілетін дамытуға және олимпиадалық резервті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызын аңғартады.
І орын иегерлері:
1. Жәнібекқызы Дарина – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
2. Касимова Адия – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
3. Балтабай Марлен – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
4. Абдугафуров Нұрдәулет – Сауран ауданы, 11-сынып.
5. Нурханова Мазмуна – Сауран ауданы, 10-сынып.
6. Тайыр Кәусар – Отырар ауданы, 10-сынып.
ІІ орын иегерлері:
1. Ахмедов Лазизбек – Сайрам ауданы, 11-сынып.
2. Улугбекова Чарос – Сайрам ауданы, 11-сынып.
3. Кемелхан Нұрасыл – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
4. Ким Эвелина – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
5. Хикматуллаева Сабина – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
6. Мубашарова Шахзода – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
7. Шахапова Шахзода – Кентау қаласы, 10-сынып.
8. Тажибай Арай – Жетісай ауданы, 10-сынып.
ІІІ орын иегерлері:
1. Темирхан Айзере – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
2. Қазбеков Қуаныш – Сауран ауданы, 11-сынып.
3. Жақсылық Інжу – Шардара ауданы, 10-сынып.
4. Пайзхан Мәдина – Жетісай ауданы, 11-сынып.
5. Құрбанәлі Аяжан – Отырар ауданы, 10-сынып.
6. Нұрбекқызы Жанерке – Созақ ауданы, 10-сынып.
Олимпиада барысында оқушылар өздерінің пәндік білімін, логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздығы мен күрделі тапсырмаларды шешу дағдыларын көрсетті. Республикалық деңгейдегі мұндай жарыстар білім алушылардың өз мүмкіндіктерін сынап, тәжірибе жинақтауына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруына жол ашады. Сонымен бірге әртүрлі аудан мен ауыл мектептерінен шыққан дарынды оқушылардың бір алаңда бақ сынауы олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, жаңа жетістіктерге ұмтылуына ықпал етеді.
Түркістан облысы оқушыларының командалық есепте Гран-при иеленуі – өңірдің білім беру саласындағы маңызды жетістіктерінің бірі. Бұл нәтиже ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамыту және сапалы білім алуына жағдай жасау жұмыстарының маңызын айқындайды.
Республикалық олимпиададағы бұл жарқын жетістік – оқушылардың табанды ізденісі мен білімге деген құштарлығының, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жетекшілердің жүйелі жұмысының, ата-аналардың қолдауының нәтижесі. Жас білімпаздардың жеңісі алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруға серпін беріп, өңірдегі өзге оқушыларға үлгі болары сөзсіз.













Comments