Жаңалықтар

Оңтүстік ұландары инспекторлық тексерістен өтуде

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде төрт жылда бір рет өткізілетін қорытынды инспекторлық тексеріс жалғасуда.
Тексерістің негізгі мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлік деңгейін, жеке құрамның кәсіби даярлығын және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын бағалау. Оған барлық санаттағы әскери қызметшілер қатысуда.
Тексеріс басталар алдында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бекайдар Қазкеевке және комиссия мүшелеріне өңірлік қолбасшылықтың жауынгерлік әзірлігі мен даярлығының жай-күйі туралы баяндады.
Өз кезегінде генерал-майор Бекайдар Қазкеев инспекторлық комиссияның құрамын таныстырды. Жиын аяқталған соң комиссия мүшелері тиісті бағыттар бойынша әскери қызметшілердің даярлық деңгейін бағалауға кірісті.
Қазіргі уақытта өңірлік қолбасшылық басқармасының барлық санаттағы әскери қызметшілері әскери топография, тактикалық, дене шынықтыру, мемлекеттік-құқықтық және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсыруда.
Инспекторлық тексеріс барысында әскери қызметшілердің теориялық білімімен қатар, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдылары мен кәсіби шеберлігі бағаланады.
Айта кетейік, бұған дейін арнайы құрылған комиссия Қызылорда, Талдықорған, Алатау және Алматы қалаларында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін тексерген болатын.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бойынша қорытынды инспекторлық тексерістің нәтижелері 28 қарашада шығарылады.

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІН ҚҰРМЕТТЕУ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *