ӘлеуметБілімЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев білім саласына қатысты тың идеялармен келген топпен кездесті. Топ құрамында баспагер Гаухар Саймасаева, жоба жетекшісі, TopIQ IT компаниясының басшысы Анель Баталова, Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші-монументалист, «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітап-альбомы суретшісі Дәурен Қастеев болды. Кездесуде білім беру саласын дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен инновациялық жобалар талқыланды.
Кездесу барысында «TopIQ: Smart Class 2.0» жобасының мүмкіндіктері таныстырылды. Аталған жоба оқушылардың білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге, оқу процесін дараландыруға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған.
Кездесу қорытындысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Казахстан и Узбекистан открыли модернизированные пункты пропуска «Жібек жолы» и «Гишт-Куприк»

Алдыңғы

ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *