Бүгінгі таңда оқушылардың бойында білімге құштарлықты ояту және оларды рухани бай тұлға етіп тәрбиелеу педагогтің кәсіби шеберлігі мен жеке үлгісіне тікелей байланысты. Осы орайда «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында №74 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Аманжолова Әсем «Кітап оқитын мұғалім» бағыты бойынша жүйелі ізденіс танытып, мектеп қабырғасында оқу мәдениетін дамытуға өз үлесін қосып келеді. Ұстаздың бұл бастамасы мемлекеттік деңгейдегі «Еңбек адамы», «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» құндылықтарымен терең астасып жатыр.
Шет тілін меңгертумен қатар оқушылардың рухани дүниесін байытуды басты орынға қойған Аманжолова Әсемнің әрекеті – нағыз кәсіби еңбекқорлықтың көрінісі. Мұғалімнің өзі күнделікті кітап оқуды дағдыға айналдырып, ізденімпаздығын іспен дәлелдеуі оқушылар үшін ең үлкен тәрбие мектебі болып табылады. Өйткені жалаң насихат пен құрғақ сөзден гөрі ұстаздың өзіндік үлгісі баланың санасына тез ұялап, білімге, еңбекке деген құштарлығын арттырады.
Кітап оқу – жасөспірімдерді дайын ақпаратпен немесе масылдық, патерналистік көңіл-күймен шектелмей, өз бетінше ойлауға, мәтінді сараптауға және дербес тұжырым жасауға үйретеді. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін мұндай зияткерлік еңбек баланың сөз қорын байытып қана қоймай, қиын сәтте сабырмен талдау жасап, дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Осылайша кітапқа деген құрмет бала бойында өз оқуы мен әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын саналы Адал азаматтық ұстанымды орнықтырады.
Ағылшын тілі мен әлемдік әдебиеттің озық туындыларын отандық рухани қазынамен сабақтастыра насихаттау оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өз ұлттық тамырына адал болуға бағыттайды. Мұғалімнің сабақ кезінде де, сабақтан тыс уақытта да оқырманы көп орта қалыптастыруы оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын еселейді. Өз еңбегімен білім жинаған оқушы болашақта кез келген кәсіби салада бәсекеге қабілетті, ізденімпаз маман болып шығады.
Сонымен қатар, кітап оқитын мұғалімнің төңірегіне жиналған оқушылардың ішкі тәртібі, зейіні мен жауапкершілігі арта түседі. Бұл мектепте заң мен тәртіпке негізделген қауіпсіз әрі тәрбиелі ортаның берік орнауына ықпал етеді. «Кітап оқитын мұғалім – кітап оқитын ұрпақ тәрбиелейді!» деген ұстаным – Аманжолова Әсемнің күнделікті педагогикалық кредосы.
№74 жалпы білім беретін мектеп ұжымы мұндай ізденімпаз ұстаздардың еңбегін жоғары бағалай отырып, оқушыларды білімге, адал еңбекке және рухани өсуге баулитын жүйелі жұмыстарды одан әрі жалғастыра бермек.













Comments