ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамТаза Қазақстан

ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Республика күні қарсаңында Отырар ауданында «Тарихқа тағзым-ұрпаққа аманат» жалпыұлттық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында аудан тұрғындары, еріктілер мен ұйымдастырушылар қатысып, қоғамдық аумақтарды тазарту және елді мекендердің көркін арттыру жұмыстарына атсалысты. Сондай-ақ, тазалық шарасына 10-ға жуық техника жұмылдырылып 5 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға жеткізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоғамда экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған ортақ бастама. Мұндай шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы таза әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

КӨКСАЙДАҒЫ ТАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЖАҢА ПӘТЕРДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *