ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу әрекетін тоқтатты.
Сағат 12:30 шамасында «Газель» автокөлігін тексеру кезінде 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көлік кабинасының жақтауына мұқият жасырылған заттарды тапқан.
Тексеру нәтижесінде түрлі маркалы 10 ұялы телефон, 42 SIM-карта және төрт USB-флэш-диск тәркіленді. Бұл тексеру тобының әскери қызметшілері мен мекеменің жедел және режимдік бөлімшелері қызметкерлерінің бірлескен жұмысының жемісті нәтижесі.
Аталмыш факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды түзеу мекемелеріне кіргізуге тосқауыл қойып, белгіленген режимнің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП











Comments