АймақӘлеумет

ШЫМКЕНТТЕ 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН «БЕЛСЕНДІ КҮН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

23 тамыз – ел өміріндегі маңызды күн. Осыған орай Шымкентте тұрғындарды белсенді өмір салтына және бұқаралық спортпен тұрақты айналысуға үндейтін «Белсенді күн» спорттық акциясы ұйымдастырылды.
Акция аясында таңғы жаттығу өткізіліп, оған 200-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Қатысушылар жаттығу жасап, сергіп, күнді көтеріңкі көңіл күймен бастады.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды спортқа тарту, дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын күнделікті әдетке айналдыру. Мұндай бастамалар бұқаралық спортты дамытуға және қала тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Акцияға қатысушылар «Дені сау ұлт – белсенді қоғамнан басталады» деген ұстанымды қолдап, спорт пен денсаулықтың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АСА БЕЛСЕНДІ

Алдыңғы

ҚҰРЫЛТАЙ: ТҮРКІСТАНДА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖАСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *