Шымкент қаласындағы №2 қалалық ауруханада жоғары технологиялық нейрохирургиялық операциялар пациенттерге тегін жасалуда.
Жақында 38 жастағы әйелге ми тамырының аневризмасына байланысты эндоваскулярлық операция жасалды. Мұндай емнің құны 6 млн теңгеден асады, алайда медициналық көрсетілімдерге сәйкес пациентке операция тегін жүргізілді.
Науқас ұзақ уақыт бойы басының қатты ауырғанына шағымданған. МРТ тексеруі нәтижесінде ми тамырынан аневризма анықталған. Дәрігерлер ашық операцияның орнына заманауи эндоваскулярлық әдісті қолданып, қан тамыры арқылы арнайы құрал енгізіп, аневризмаға стент орнатқан.
Операцияны нейрохирург Еркін Медетов орындады. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.
Мамандардың айтуынша, жоғары технологиялық медициналық көмек аясында қажетті медициналық көрсетілім болған жағдайда мұндай күрделі операциялар пациенттерге тегін көрсетіледі.













Comments