Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК НАУҚАН МӘРЕГЕ ЖЕТТІ – ПАРТИЯЛАР ЕЛ БОЙЫНША САПАРЛАРЫН АЯҚТАП ЖАТЫР

Партиялардың сайлауалды сапарлары мәресіне жақындап, дауыс беруге санаулы күн қалғанда өңірлердегі кездесулер қорытындылануда. 18 тамызда штабтар тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және кәсіби қауымдастықтармен тікелей кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, өзекті мәселелерді талқылады.
«Әділет» партиясы Қостанай облысында KIA Qazaqstan, «Милх», Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі және «Казогнеупор 2015» кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесулерде өндіріс, кадр даярлау, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер, білім беру, инфрақұрылым және цифрландыру мәселелері көтерілді. Қостанай облысы штабтың сапар кестесіндегі қорытынды өңірлердің бірі болды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қостанайда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау және инклюзивті ортаны дамыту мәселелерін талқылады. Семейде әлеуметтік сала қызметкерлері мен қызмет алушылардың жағдайы, еңбек құқықтары және жалақы мәселелері қаралды.
«Байтақ» партиясы Тараз, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында экология, қалдықтарды басқару, көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін көтерді.
Қазақстан Халық партиясы Алматы мен Маңғыстау облыстарында медицина, сайлау учаскелерінің қолжетімділігі, мәдени мұраны сақтау және әлеуметтік нысандардың қызметіне қатысты кездесулер өткізді.
«Ауыл» партиясының өкілдері Оралда тұрғындардың қатысуымен «Біздің таңдауымыз» флешмобын ұйымдастырды. «Ақ жол» партиясы Астана мен Батыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен кездесіп, әлеуметтік қорғау, жалақы, зейнетақы, ауыл шаруашылығы және білім беру мәселелерін талқылады. Respublica партиясы Солтүстік Қазақстан облысында өндіріс, инвестиция, жұмыспен қамту, энергетика, білім беру және өңірлік инфрақұрылым мәселелеріне назар аударды.
Осылайша, 18 тамыздағы сайлауалды науқанның негізгі форматы тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен тікелей кездесулер болды. Партиялар өнеркәсіп, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, экология, білім беру, мәдениет, кәсіпкерлік және инфрақұрылым мәселелерін талқылап, сайлаушылардың ұсыныстары мен өңірлік проблемаларын назарға алды.

К началу учебного года готовы

Алдыңғы

ОТ ЗАПРОСОВ ОБЩЕСТВА — К ВЗВЕШЕННЫМ РЕШЕНИЯМ: РОЛЬ КУРУЛТАЯ В ТРАНСФОРМАЦИИ КАЗАХСТАНА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *