ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ ТІРЕГІ: ӘЛ – ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Қуатты кәсіподақтар — еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай жалпыкәсіподақтық науқаны аясында «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» айдарымен Шымкент қаласында маңызды шара ұйымдастырылды. Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Руханият пен мәдениет ордасына айналған кітапханадағы бұл басқосу еңбек адамдарының құқығын қорғау, әлеуметтік әріптестікті нығайту және кәсіподақ қызметінің жаңа бағыттарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жиынға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының бас мамандары Эльмира Утепова мен Наргиза Ирисметова арнайы қатысып, қатысушыларға кәсіподақ ұйымдарының қоғамдағы рөлі мен атқарып жатқан ауқымды жұмыстары туралы кеңінен баяндады.
Басқосу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Динара Мұхтарқызы Турмаханова сөз алып, ұжымның қазіргі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Ол кітапхана қызметкерлерінің еңбек жағдайы, мәдени-бұқаралық шараларға белсене қатысуы және әлеуметтік қолдау шаралары туралы әңгімеледі.
«Кәсіподақ — әрбір қызметкердің сенімді тірегі. Біздің басты мақсатымыз — кітапхана қызметкерлерінің әлеуметтік — экономикалық мүдделерін қорғап қана қоймай, олардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау», — деп атап өтті Динара Мұхтарқызы.
Кездесу барысында Қалалық кәсіподақтар орталығының мамандары еңбек адамының мүддесін қорғауда қолданылатын жаңа тетіктер мен құқықтық көмек түрлеріне тоқталды.
Жиын соңында кітапхана қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерін толғандырған әлеуметтік мәселелер мен еңбек қауіпсіздігі жайында пікір алмасып, кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғыстарын білдірді.
Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы ынтымақтастықты арттырып, әрбір мамандардың құқықтық сауаттылығын көтеруге айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. «Қуатты кәсіподақ — қуатты елдің кепілі» екендігін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл шара өзара түсіністік пен жылы атмосферада өз мәресіне жетті.
Осындай мазмұнды кездесулердің жалғасын табуы еңбек ұжымдары арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, кәсіподақ мүшелерінің өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы білімін арттыруға жол ашады. Еңбек адамының еңбегін бағалау, оның әлеуметтік жағдайына қолдау көрсету және қауіпсіз еңбек етуіне жағдай жасау – кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан мұндай ашық пікір алмасулар қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Кітапхана ұжымы үшін өткен кездесу де осы мақсаттарға бағытталып, еңбек адамына деген құрмет пен қолдаудың маңызын айқындады.

ЕҢБЕК АДАМЫ: ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН ЕҢБЕККЕ АРНАҒАН ЖАН

Алдыңғы

Белсенді өмір – ұзақ ғұмырдың негізі

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *