ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ЕҢБЕК АДАМЫ: «ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТТЫҢ ЖАНАШЫРЫ: ҚАЛМҰРЗАЕВ ДҮЙСЕНБЕК ДОСАНБЕКҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ»

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен ұлттық құндылықтары — біздің баға жетпес байлығымыз. Осындай атадан қалған асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа насихаттауда мәдениет саласы қызметкерлерінің орны ерекше. Солардың қатарында Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында абыройлы қызмет атқарып жүрген білікті маман Қалмұрзаев Дүйсенбек Досанбекұлы бар.
Дүйсенбек Досанбекұлы 1983 жылдың 5 ақпанында көне тарихтың куәсі болған Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көксарай елді мекенінде дүниеге келген. Өскен ортасының тәрбиесі мен ұлттық рухы оның болашақ мамандығын таңдауына да өз әсерін тигізбей қоймағаны анық.
2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін сәтті тәмамдап, жоғары білім алады. Университет қабырғасынан алған білімін өмірмен ұштастырып, сол жылдан бастап туған өңірдің мәдениеті мен өнерін дамытуға бар күш-жігерін салып келеді.
Еңбек жолын басталған сәттен бері табандылық танытқан Дүйсенбек Досанбекұлы бүгінде өз ісінің нағыз майталманына айналды.
Оның жалпы жұмыс өтілі 18 жылдан асады. Бұл — бір салаға адал қызмет етіп, табандылықтың үлгісін көрсетіп келе жатқан маманның көрсеткіші. Оның ішінде 12 жылдан бері бір ұжымда — «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында» табан аудармай еңбек етіп, ұжымның абыройын асқақтатып жүр. Қазіргі таңда ол орталықтың «Қорларды ғылыми-зерттеушілікті қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі лауазымын абыроймен атқаруда.
Көпжылдық жемісті еңбегі мен кәсіби біліктілігі әріптестері мен сала басшылығы тарапынан әрдайым жоғары бағаланып келеді. Атап айтқанда, ол ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының Алғыс хатымен, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Ал 2015 жылы мәдениет саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ОҚО филиалының Құрмет грамотасына ие болды.
Қоғамда ұлттық сананы жаңғырту, жастарды отансүйгіштік пен салт-дәстүрге құрмет рухында тәрбиелеу — үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Осындай маңызды бағытта еңбек етіп жүрген Дүйсенбек Досанбекұлы сияқты абзал азаматтардың қажырлы еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілеті әрқашан құрметке лайық.
Туған халқының руханиятына адал қызмет етіп жүрген маманның бұдан кейінгі де еңбек жолы ел игілігіне жұмыс істей берері сөзсіз.

Активная жизнь – основа долголетия

Алдыңғы

ЕҢБЕК АДАМЫ: ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН ЕҢБЕККЕ АРНАҒАН ЖАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *