Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» шарасы аясында өткен сенбілік

Арыс қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен мекеме ұжымдары тазалық пен тәртіпті сақтау жолында бірлесе еңбек етті. «Таза Қазақстан» шарасы аясында өткен бұл жолғы сенбілік қала орталығында өтті. Игі бастамаға қаламыздағы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, білім беру ұйымдары мен түрлі еңбек ұжымдары белсенді атсалысты.

Сенбілік барысында жол жиектеріндегі арамшөптер орылып, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар арнайы қаптарға жиналып, тиісті орындарға жеткізілді. Қала аумағында тазалық жұмыстары қызу жүріп, шаһардың көркіне көрік қосты.

Сенбілікке көпқабатты тұрғын үй аулалары да белсенділікпен қатысты. Әсіресе, Әбдіразақов көшесіндегі №49 үйдің тұрғындары әдеттегідей үлгі көрсетті. Олар үй ауласын, ойын алаңдарын тазалап, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Қала әкімдігі сенбілікке белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіре отырып, өзге тұрғындарды да қоршаған ортаға бейжай қарамай, үй іргелерін таза ұстауға, туған қаламызды көркейтуге үлес қосуға шақырады.

#Таза_Қазақстан

✅ 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *