Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Алматы полициясының қызметіндегі басым бағыттар айқындалды

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков Алматы қаласы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Министрдің орынбасары мегаполистегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы полиция жұмысының барысымен танысты.

Сондай-ақ қаладағы жедел ахуал, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Полиция қызметінің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықпен өзара байланысты нығайту бағыттарына да назар аударылды.

Аңсаған Балтабеков құқық қорғау органдары қызметінің өзегінде «Заң мен тәртіп» қағидасы тұруы қажеттігін атап өтті.  Бұдан бөлек, басшылық құрамға бағынысты қызметкерлердің жұмысына жүйелі бақылау жүргізіп, қызметтік тәртіпті нығайту қажеттігі жеткізілді.

Кездесу кезінде Алматы тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешуде жеделдік пен нақты нәтижеге басымдық беру, сонымен қатар полицияға деген қоғамдық сенімді одан әрі арттырудың маңызына тоқталды.

Сапар қорытындысында «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, Ұлттық ұланмен бірлескен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Құрметті әріптестер! Сайлауалды науқан кезінде журналистердің, белсенділер мен блогерлердің қызметіне қатысты түрлі сауалдар туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар мәселеге арнайы тоқталып, түсінік беруді жөн көрдім.

Алдыңғы

«Закон и порядок»: определены приоритетные направления деятельности полиции Алматы

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *