Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРҒАН АКУСТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «ZHASTAR FEST – 2026» жобасы шеңберінде «Акустикалық кеш» байқауы өткізілді.
Байқауға 20 жас қатысып, гитара мен домбыраның сүйемелдеуімен түрлі әндер орындады. Қатысушылар өздерінің орындаушылық шеберлігін көрсетіп, әрқайсысы өзіндік мәнерімен ерекшеленді.
Жанды әуенге құрылған кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жастардың музыкалық қабілеті мен шығармашылық ізденісін танытты.
Шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өнерін ортаға салды. «Акустикалық кеш» жастардың мәдени демалысын мазмұнды өткізуге және жаңа өнерпаздардың танылуына мүмкіндік берді.

ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

Алдыңғы

Жастардың жаңа мүмкіндіктері: Құрылтай көтерген маңызды бағыт

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *