Жаңалықтар

ПОЛИЦИЯ БАСШЫЛЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Шералы Әділханұлының қатысуымен Шардара ауданында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша кездесу өтті.

Жиынға аудан әкімдігі, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенді тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, арандатушылық сипаттағы ақпараттарға жол бермеу және қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Полиция полковнигі Шералы Әділханұлы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар тұрақтылықты нығайту бағытында жұмысты жандандыруға уағдаласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

#Заңментәртіп

#ЗАКОНИПОРЯДО

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН «БАЛАУСА» ОРТАЛЫҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ҮСТІНДЕ

Алдыңғы

“Ішімдіксіз ауыл – қауіпсіз қоғам”

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *