Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН «БАЛАУСА» ОРТАЛЫҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ҮСТІНДЕ

Жұртшылық арасында мемлекетке арқа сүйеп отыру психологиясынан арылып, масылдықты төмендету, ерекше қажеттілігі бар балаларды жастайынан өмірлік дағдыларға баулу және қарапайым мамандардың еңбегін ұлықтау – бүгінгі әлеуметтік саяттың негізгі басымдықтарының бірі. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тек қаржылай көмекпен немесе дайын жәрдемақымен шектелмей, ерекше балалардың бойындағы мүмкіндіктерді ашуға, оларды оңалту арқылы қоғамның толыққанды мүшесі етіп қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда Шымкент қаласындағы Балауса №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қарқынды жұмыс жүргізіп келеді.

Мирас шағынауданында орналасқан еңселі төрт қабатты ғимаратта ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Жалпы аумағы 2977,6 шаршы метрді құрайтын заманауи орталықта психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай стационарлық жағдайда сапалы кәсіби қызметтер көрсетіледі. Орталық бір мезетте 150 баланы қамтуға шақталған. Мұндағы басты мақсат – балаларды тек уақытша күтіммен қамтамасыз ету емес, олардың бойындағы қабілеттерді дамытып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Орталықтың күнделікті тыныс-тіршілігінде балаларға кешенді әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі. Арнайы мамандар балалардың әлеуметтік, медициналық, психологиялық және педагогикалық бағытта сауығуына жағдай жасап, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға басымдық береді. Мұндай жүйелі оңалту шаралары балалардың бойындағы сенімсіздікті жойып, олардың өмірге деген ынтасын арттырады. Дайынға сүйену әдетінен арылып, әрбір баланың өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру – орталық ұжымының негізгі ұстанымы.

Бұл үлкен әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыруда орталықта қызмет ететін 122 әлеуметтік маманның еңбегі ұшан-теңіз. Өз ісіне адал қарап, күнделікті маңдай терімен ерекше балалардың жарқын болашағы үшін еңбек етіп жүрген бұл мамандар – нағыз Еңбек адамының айқын үлгісі. Олардың мейірімі мен кәсіби біліктілігі жүздеген отбасына сенімділік ұялатуда. Балауса орталығының нәтижелі жұмысы Шымкентте әлеуметтік қолдаудың жаңа мәдениеті қалыптасып, ерекше балалардың өмірлік дағдыларды меңгеруіне кең жол ашылғанын көрсетеді.

Құрылтай сайлауы: әр азаматтың таңдауы маңызды

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *