Жаңалықтар

2026 жылғы I жартыжылдықта анықталған жалған ақша белгілері туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Астана қ. 2026 жылғы 22 шілде

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін (49 банкнота және 8 монета) анықтады. Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі). Көбіне номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан жасалған – 22 дана, анықталған жалған ақшалардың жалпы санының – 38,6%-ы. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр – 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкнотада – 11 дана (19,3%), қалған 14% – монеталар.

Қазақстан Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертеді. Осыған байланысты, қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде банкнотадағы жазуларға айрықша назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеріп алған жөн.

Жалған Түпнұсқа

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы\AҚұдайберген Н.С

Жалған Түпнұсқа

Майда жазулар өте бұлдыр болады және үлкейтіп қарағанда оқып тануға келмейді.

Жалған Түпнұсқа

Жалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды.

Жалған Түпнұсқа

Патч элементінің көлемі жоқ және жай бояумен басып шығарылады. Ал одан сәулелердің жан-жаққа таралуы секілді голографиялық эффектіні де, номинал бейнесінің ою өрнекке ауысу құбылысын да байқай алмайсыз.

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы\AҚұдайберген Н.С/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?

Алдыңғы

Сайлау-2026: Түркістанда 700-ден астам сенім білдірілген адам тіркеуден өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *