Шымкент тұрғындарының жеке қызмет көрсетуге деген сұранысы артып келеді. «Жеке менеджер» қызметі мемлекеттік қызметтерді бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік береді.
2026 жылдың алғашқы алты айының өзінде мамандандырылған ХҚКО-ларда «Персоналды менеджер» қызметін шамамен 6 мың адам пайдаланды. Бұл көрсеткіш қызметке деген қызығушылықтың артқанын аңғартады. Себебі 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша аталған қызметті 7 мыңнан астам автокөлік иесі таңдаған.
Қызметтің танымал болуының өзіндік себептері бар. Жеке менеджер өтініш берушілерді кезексіз қабылдап, қызмет көрсету процесінің барлық кезеңінде сүйемелдейді және қажетті мемлекеттік қызметтерді жедел рәсімдеуге көмектеседі. Оның көмегімен көлік құралын тіркеуге, есепке қоюға немесе есептен шығаруға, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін рәсімдеуге болады.
Қызметті алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ның кіреберісіндегі ресепшнге жүгіну жеткілікті. Қызмет құны – 6 306 теңге.
Қазіргі таңда «Жеке менеджер» қызметі Шымкент қаласындағы үш мамандандырылған ХҚКО-да қолжетімді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл қосымша сервис мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жылдам, ыңғайлы әрі азаматтар үшін барынша қолайлы болуға бағытталған. Қызметке деген сұраныстың артуы тұрғындардың уақытты үнемдеуге және қызметті алдын ала жоспарлап алуға басымдық беретінін көрсетеді.













Comments