«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-де Су шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Кәсіпорынның Бас директоры Анарбек Орман ұжым мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметкерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және су шаруашылығы саласын дамытуға қосып жүрген елеулі үлестері үшін шынайы алғысын білдірді.
Мерекелік іс-шара аясында үздік қызметкерлер су шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі, көпжылдық мінсіз еңбегі және кәсіби жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен және төсбелгілермен марапатталды. Марапаттау рәсімі еңбек адамына деген құрметтің нақты көрінісі болып, өз ісіне адал мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың жарқын үлгісіне айналды.
Су шаруашылығы саласының мамандары – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, инженерлік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін маңызды қызмет иелері. Олардың күнделікті қажырлы еңбегі тұрғындардың әл-ауқаты мен өңірдің тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді. Көп жағдайда көзге көріне бермейтін бұл еңбек үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді.
Осындай қарапайым еңбек адамдарының еңбегі мен жетістіктерін кеңінен насихаттау қоғамда еңбекке деген құрметті арттырып, жастарды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке және өз кәсібіне адал болуға тәрбиелейді. Адал еңбекпен жеткен жетістіктерді дәріптеу еңбек адамының мәртебесін көтеріп қана қоймай, қоғамда белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға, патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне де оң ықпал етеді.
Мұндай мерекелік шаралар еңбек ұжымындағы ынтымақты нығайтып, қызметкерлердің кәсіби ынтасын арттыруға, еңбек мәдениетін дамытуға және әлеуметтік әріптестікті күшейтуге қызмет етеді. Еңбегі бағаланған маманның өз кәсібіне деген сенімі артып, жаңа жетістіктерге ұмтылысы күшейе түседі.
Барша су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз.
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ












Comments