ӘлеуметҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығында ақ халатты абзал жандардың құрметіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Адам жанының арашасы болған мамандардың төл мерекесіне арналған бұл кешті «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды. Мерекелік шараның басты мақсаты халық денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелерінің мәртебесін көтеру және олардың ерен еңбегін еліне паш ету болды.
Салтанатты кешке «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Оңалбеков Қобланбек Түлкібекұлы арнайы қатысып, жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде төраға кәсіподақ қатарындағы әрбір медицина қызметкерінің құқығын қорғау, оларға лайықты еңбек жағдайын жасау және қолдау көрсету ұйымның басты міндеті екенін атап өтті. Ол бұл мерекенің тек кәсіби мейрам ғана емес, өз өмірін өзгенің саулығына арнаған және кәсіподақ ұйымының ажырамас бөлігіне айналған нағыз кәсіби мамандардың мәртебесі асқақтайтын күн екенін, сонымен қатар кәсіподақ мүшелері тек өз ісінің шебері ғана емес, қоғамның тұрақтылығы мен денсаулығының басты кепілі екенін жеткізді.
Жиын барысында денсаулық сақтау саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген, кәсіподақ қозғалысының белсенді мүшелері болып табылатын бірқатар медицина қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Саланың үздік шыққан дәрігерлері, мейіргерлері мен өзге де мамандары «SENIM» кәсіподағының арнайы төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Марапат иелері бұл марапатты тек өз еңбектерінің бағалануы ғана емес, сонымен бірге өздері мүше болып табылатын кәсіподақтың көрсеткен үлкен қолдауы мен қамқорлығының көрінісі деп білетіндіктерін білдірді.
Салтанатты кеш «SENIM» кәсіподағының Шымкент шаһарындағы медицина саласы қызметкерлерінің құқықтық әрі әлеуметтік тұрғыдан әрдайым қорғаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ЧЕЛОВЕК ТРУДА МАГИЯ ЗА КУЛИСАМИ: ДОБРОСОВЕСТНЫЙ ТРУД АЙНҰР МАДАЛИЕВОЙ

Алдыңғы

В ШЫМКЕНТЕ ЧЕСТВОВАЛИ ЛЮДЕЙ В БЕЛЫХ ХАЛАТАХ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *