ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА: «СУ РЕСУРСТАРЫ — МАРКЕТИНГ» ЖШС-ДЕ КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРУ ӨТТІ

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының құрамына кіретін іргелі мекемелердің бірі – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Осы бағыттағы бекітілген жоспарға сәйкес, кәсіпорынның Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша жетекші инженері Альзахов Берік Исабайұлы мекемеде кешенді тексеру жұмыстарын атқарды.
Арнайы іс-шара барысында ғимараттың еңбек қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігі мен мекемедегі еңбек қауіпсіздігін сақтаудың жалпы жағдайы жіті тексерілді. Сонымен қатар қызметкерлердің осы бағыттағы біліктілігін анықтау мақсатында арнайы емтихан алынып, олардың теориялық және практикалық дайындықтары пысықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер туралы ескертулер жауапты тұлғаларға жазбаша түрде беріліп, оларды қалпына келтірудің нақты орындау мерзімдері бекітілді.
Бұдан бөлек, кәсіпорында сақтық шараларын күшейту мақсатында қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша күнделікті кезекті оқыту, яғни нұсқамалық жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы өз құрамындағы кәсіпорындарда еңбек адамының құқығы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейде сақталуын әрқашан басты назарда ұстайды және осы бағытта жауапкершілік танытқан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС ұжымының жұмысын қолдайды.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бір реттік шара емес, өндірістік үдерістің ажырамас бөлігі. Сондықтан кәсіпорында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру, еңбек жағдайларын тұрақты бақылау және қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы жұмыстар өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алып қана қоймай, ұжымның еңбек өнімділігін арттыруға және жұмыс сапасын жақсартуға да оң ықпал етеді.
Мекемеде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жауапты мамандар өндірістік нысандарды тұрақты аралап, қауіп-қатер туғызуы мүмкін жағдайларды алдын ала анықтау және жою жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар қызметкерлерге жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану, төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібі, электр және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Осындай кешенді жұмыстардың нәтижесінде кәсіпорында қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған оң тәжірибе орнығып, еңбек тәртібі мен өндірістік мәдениеттің деңгейі артып келеді. Алдағы уақытта да еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өндірістік бақылауды күшейту және қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады. Бұл өз кезегінде еңбек адамының өмірі мен денсаулығын қорғауға, өндірістің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне және ұжымның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

ДЕНЬ РАБОТНИКОВ ЛЕГКОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ

Алдыңғы

БЕЗОПАСНОСТЬ ТРУДА — В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ: В ТОО «ВОДНЫЕ РЕСУРСЫ-МАРКЕТИНГ» ПРОШЛА ОЧЕРЕДНАЯ ПРОВЕРКА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *