Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысуда.
⠀
Съездің пленарлық отырысы басталар алдында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оның алаңындакүн тәртібіндегі мәселелер мен партия қызметінің негізгі бағыт-бағдары талқыланды.
⠀
III Съезд делегаттары Сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды Қаулы қабылдайды.
⠀
10 шілдеге дейін партия ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрды және басшылық органдарын жасақтады. Өңірлік Саяси кеңестердің құрамына 808 адам, Бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім беру және ғылым, үкіметтік емес сектор мен кәсіподақтар, мәдениет және спорт, өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика, құқықтану, IT және креативті индустрия салаларының өкілдері бар.
⠀
«Әділет» партиясы түрлі кәсіби қоғамдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілі саналатын қазақстандықтардың бастамасымен құрылды. 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында партияның құрылтай съезі өтті. 2026 жылғы 1 маусымда заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады













Comments