
Құрметті әріптестер! Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы 2026 жылдың 15 қыркүйегінде Түркияның мәдени астанасы — Стамбұлда VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумын ұйымдастырады.
Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, түркі журналистері арасында жедел ақпарат алмасу, түркі мемлекеттерінің ақпараттық қауіпсіздігін БАҚ арқылу күшейту, түбі бір түркіге ортақ рухани құндылықтарды насихаттау, халықаралық журналистиканың жаңа үдерістерін түркі медиасына енгізу, кәсіби білік пен бірлікті шыңдайтын тәжірибелерді бөлісу, ортақ жобалар жасау, журналистика факультеттерінде жас әріптестерге білім берудегі біртұтас жүйе т.б. маңызды мәселелер Стамбұлдағы басқосуда талқыланады.
Медиафорумға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Германия, Бельгия, Швейцария, Франция, Солтүстік Кипр т.б. елдерден журналистер, БАҚ басшылары, медиа саласындағы ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қоғам қайраткерлері, депутаттар, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, ЖОО ректорлары, журналистика факультетінің декандары мен мұғалімдері т.б. қатысады.
Аталған медиа форум Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының 2026 жылдың 12-18 қыркүйегінде Стамбұлға ұйымдастыратын 1 апталық жобасы шеңберінде өтеді. Медиафорум соңында түркі әлемінің бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарға арнайы марапттар тапсырылады.
Медиафорумға қатысушылар Стамбұлда пресс тур, Түркия бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибе алмасу, жергілікті биік басшыларымен ресми кездесулер, Мәрмәр теңізінің ортасындағы Бүйүкада аралына экскурсия, Бұғаз туры т.б. қатысады.
Жоба барысында Стамбұлдың көрнекі жерлерінен сториз, рилз дайындаудан байқау болады. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталады.
Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының серіктесі — Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясымен бірігіп, Стамбұлда түркілердің ортақ ұлттық ойыны — тоғызқұмалақтан турнир өтеді.
Толық ақпарат үшін: +7 778 878 3408 (WhatsApp)












Comments