Кәсіпкер Сейітханова Гүлнұр 2025 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар конкурсына қатысып, «Сазбалшық өндірісі және сазбалшықтан емдік және шығармашылық әдіс-тәсілдермен оқыту орталығы» әлеуметтік бағдарланған жобасын іске асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты – Шымкент өңірінің табиғи saз балшығын экологиялық таза өнім ретінде өңдеу арқылы жергілікті өндірісті дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Грант қаражаты есебінен қажетті өндірістік жабдықтар сатып алынып, өндірістік жұмыстар қолға алынды. Сонымен қатар, жергілікті шикізат негізінде «Шымкент саз» брендтік өнімі қалыптасты.
Қазіргі таңда жоба аясында ай сайын 300–500 кг көлемінде өнім сатылымға шығарылуда. Алдағы кезеңде өндіріс көлемін ұлғайтып, күніне 500 кг тұрақты сатылым деңгейіне шығу жоспарланған.
Жобаның әлеуметтік бағыты аясында мектептерге, балабақшаларға және оңалту орталықтарына саз терапия мамандарын тегін оқыту және қажетті шикізатпен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Аталған бастама ұлттық қыш өнерін жаңғыртуға, экологиялық таза өнім өндіруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған.
“Шымкент саз” — тек өндіріс емес, бұл ұлттық құндылық пен әлеуметтік жауапкершілікті ұштастырған жоба.
Гүлнұр Сейітханованың бұл бастамасы қоғамдағы патерналистік көңіл-күйді төмендетіп, «Еңбек адамы» бейнесін жаңа қырынан қалыптастырудың озық үлгісі болып табылады. Кәсіпкер бес миллион теңгеге дейінгі мемлекеттік қолдауды дайын тұтынушылық шығындарға емес, ұлттық өнерді жаңғыртатын нақты өндіріс ошағын құруға бағыттады. Жергілікті шикізаттан отандық бренд қалыптастыру – азаматтардың мемлекетке иек артпай, өз еңбегімен жаңа құндылық тудыра алатынын дәлелдейді.
Жоба аясында ай сайын үш жүзден бес жүз килограммға дейін өнім шығарылып, алдағы уақытта бұл көрсеткішті күніне бес жүз килограммға жеткізу жоспары нарықтық сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Саз терапиясы мамандарын тегін оқыту және балабақшалар мен оңалту орталықтарын шикізатпен қамтамасыз ету бастамасы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін айқындайды. Бұл масылдық психологияға қарсы тұрып, өз кәсібі арқылы қоғамның өзекті мәселелерін, әсіресе ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау жүйесін шешуге болатынын көрсететін нағыз еңбек адамының қадамы.
Қоғамдық сананы трансформациялау және еңбексүйгіштікке баулу мақсатында ақпараттық жұмыстарды мынадай бағыттарда жүргізу қажет:
— Мемлекеттік гранттардың тек әлеуметтік көмек емес, ел экономикасына үлес қосатын, жаңа жұмыс орындарын ашатын өндірістік күш екенін БАҚ беттерінде тұрақты түсіндіру.
— «Шымкент саз» секілді ұлттық қолөнер мен заманауи терапияны ұштастырған кәсіп иелерінің еңбегін «Жетістік тарихы» ретінде медиа кеңістікте кеңінен дәріптеу.
— Бизнес бастауға ниетті, бірақ мемлекеттен тек дайын жәрдемақы күтіп отырған азаматтарды осындай өнімді еңбек үлгілері арқылы ынталандыру және бағыт-бағдар беру.
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ҚОЛДАУЫМЕН «ШЫМКЕНТ САЗ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ













Comments