Жаңалықтар

Бөлімде әскери техникаларға маусымдық қызмет көрсету аяқталуда

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталу кезеңіне жетті.

Маусымдық техникалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты – жоғары температура жағдайында, сондай-ақ күрделі метеорологиялық және жол жағдайларында техниканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Дайындық барысында жанар-жағармай материалдары мен өзге де материалдық құралдарға қажеттілік есептеліп, ұйымдастыру құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар материалдық-техникалық қамтамасыз ету ұйымдастырылып, парк аумақтары мен техникалық орынжайлар жазғы пайдалану кезеңіне дайындалуда.

Бұдан бөлек, жүргізушілермен қауіпсіздік талаптары мен техниканы ыстық климат жағдайында пайдалану ерекшеліктерін зерделеу бойынша нұсқаулық-әдістемелік және көрсетілім сабақтары өткізіліп, қорытынды сынақтар қабылданды.

– Маусымдық пайдалануға дайындық кезіндегі техникалық қызмет көрсетудің басты міндеті – қару-жарақ пен әскери техниканы тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету үшін жарамды күйде ұстау. Техниканың дайындығына жауынгерлік тапсырмаларды орындау сапасы мен жылдамдығы тікелей байланысты болғандықтан, техникалық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді, – деді бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Мұратхан Рахымов.

Жұмыс барысында мамандар барлық жүйелердің, тораптар мен агрегаттардың, жабдықтардың жарамдылығын тексеріп, қозғалтқыштар мен жанармай бактарына бақылау жүргізуде, сондай-ақ майлар мен арнайы сұйықтықтарды ауыстыруда.

Техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру аяқталғаннан кейін қорытынды тексерулер жүргізіліп, атқарылған жұмыстардың нәтижелері шығарылып, жеке құрамның жазғы кезеңдегі техниканы пайдалануға рұқсат беріледі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Алдыңғы

ЕЛ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ ҚҰБЫРІШІЛІК ДИАГНОСТИКА ЕНГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *