Жаңалықтар

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРЫ МЕН ЖЕҢІС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Сауран ауданында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай «Ердің жолы — елге қызмет» атты салтанатты іс-шара өтті.
Тағылымды шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев қатысып, жиналған жұртшылықты қос мерекемен құттықтады. Құттықтау сөздерінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласы өкілдерінің, сондай-ақ ардагерлердің еңбегі ерекше екені атап өтілді.
Салтанатты жиын барысында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар түрлі салада абыройлы қызмет атқарып жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнерпаздардың әсерлі қойылымдары Отанға деген сүйіспеншілік пен ерлік рухын айшықтай түсті.
Іс-шара соңында қатысушыларға сый-сияпаттар табысталып, мерекелік жиын жоғары деңгейде қорытындыланды.

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Алдыңғы

Дәурен Мақсұтханұлының «БЕЙНЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ» атты жеке шығармашылық көрмесі

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *