Жаңалықтар

Сарбаздар «Шымқала» тарихи-мәдени кешенімен танысты

Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының мерзімді әскери қызметшілері үшін экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында сарбаздар тарихи кешендегі құнды жәдігерлермен танысып, өз әсерлерімен бөлісті.

Экскурсияның негізгі мақсаты – Шымкент қаласының тарихын насихаттау, сондай-ақ әскери қызметшілерді қызмет ететін өңірдің мәдени-тарихи мұрасымен таныстыру. Көне шаһардың бай тарихы мен бүгінгі келбеті қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Экскурсияға қатысқан 35 сарбаз кешенмен танысу барысында белсенділік танытып, алған әсерлерін түрлі ақпараттық платформаларда оң пікірлер арқылы білдірді.

— Мұндай тарихи орындарға саяхат жасау адамның танымын кеңейтіп, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Демалыс күнімізді осындай маңызды орынмен танысуға арнау біз үшін үлкен мәртебе. «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» дегендей, өз тарихымызды көзбен көру ерекше әсер қалдырды, — деді мерзімді әскери қызметші, қатардағы жауынгер Жомарт Рахымберді.

Кешен қызметкерлерінің мәліметінше, «Шымқала» тарихи-мәдени кешені жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Археологиялық нысан өзінің бастапқы келбеті мен бекініс жүйесін сақтай отырып, қала орталығында орналасқан көне қалашық болып табылады.

2003–2020 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашық ашық аспан астындағы музей ретінде қалыптастырылды. 2021 жылдың 1 мамырында «Шымқала» тарихи-мәдени кешені ресми түрде ашылып, келушілерге өз есігін айқара ашты.

Экскурсия барысында сарбаздар тарихи мұраларды көзбен көріп, тың деректермен танысып, рухани әсер алып қайтты.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ЕАЭО ЖИЫНЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ НЕ?

Алдыңғы

В Алматы и Туркестане строятся новые объекты военной инфраструктуры Национальной гвардии

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *