Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау құралы ретінде жұмыс уақытын бақылау

Мемлекеттiк қызметтiң тиiмдiлiгiне қойылатын талаптардың өсуi жағдайында мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек құқықтарын сақтау ерекше маңызға ие болады. Бұл саладағы неғұрлым сезiмтал мәселелердiң бiрi белгіленген жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеу мәселесі болып қала бередi, ол тиiстi бақылау болмаған кезде жүйелi сипатқа ие және қызметтiк жүктеме мен демалуға заңды құқық арасындағы теңгерiмнiң бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа заңсыз тарту фактілерінің алдын алуға және жоюға бағытталған жұмысты тұрақты негізде жүзеге асырады. Бұл қызмет қолжетімділікті бақылау және есепке алу жүйесінің мәліметтерін талдаудан, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бара отырып және бармай профилактикалық мониторингтер жүргізуді қамтитын кешенді тәсілден құрылады.

2025 жылғы қолжетімділікті бақылау және есепке алу жүйесінің деректерін талдау нәтижелері үстеме жұмысқа тарту фактілерінің бұрынғысынша орын алып отырғанын көрсетеді. Сонымен, үстеме жұмысқа жалпы ұзақтығы 560 сағат 46 минут болатын 224 мемлекеттік қызметші тартылды. Бұл ретте мұндай жағдайлардың неғұрлым көп саны жергілікті атқарушы органдарда тіркелді, онда 179 қызметші белгіленген жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеген, ал орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 45 қызметшіні құрайды.

Бұзушылықтарды анықтау формальды сипатта болмайтыны маңызды. Департамент әрбір анықталған жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған ден қою шараларын қабылдайды. Департаменттің хаттарын қарау нәтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарда актілер шығарылды және демалыс күндері (сағаттары) ұсынылды, бұл заңда белгіленген тәртіппен үстеме жұмыс істеген уақытын өтеуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қызметшілерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту мониторингі жұмыстың жеке бағыты болып табылады. 2025 жылы мұндай жұмысқа 361 мемлекеттік қызметші тартылды, оның ішінде 137 жергілікті атқарушы органдар және 224 орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметшілері. Бұл ретте 150 қызметшіге жалпы сомасы 6 703 345 теңге өтемақы төленді, ал 211 қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) берілді, бұл нақты жағдайларға байланысты өтемақының әртүрлі заңды тетіктерінің қолданылуын куәландырады.

Қызметтік жүктеме мен отбасылық міндеттері бар қызметшілердің уақыты арасындағы теңгерімді қамтамасыз етудің маңызды элементі жұмыс уақытының икемді кестесін белгілеу тәжірибесі болып табылады. Мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтер бойынша, икемді жұмыс кестесі 34 мемлекеттік қызметшіге, оның ішінде 10 жергілікті атқарушы органдар және 24 орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметшілеріне белгіленген. Мұндай тәжірибе белгіленген жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеу тәуекелін төмендетіп қана қоймай, қызметтің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Департамент жоғарыда аталған іс-шаралармен қатар мемлекеттік органдарға барумен жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізеді. 2025 жылы мұндай іс-шаралар 44 мемлекеттік органда жүзеге асырылды, нәтижесінде 54 бұзушылық анықталды. Әрбір жағдай бойынша ден қою шаралары қабылданды: 15 акт жасалып, 32 жергілікті атқарушы органдар және 22 орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің барлығы 54 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл ретте Департамент қызметінде басты назар бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, олардың алдын алуға да бағытталған. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларының талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында жүйелі негізде мемлекеттік органдарға Департамент қызметіне шолулар жолданады, ал жүргізілген мониторингтердің қорытындылары Әдеп жөніндегі кеңестің қарауына шығарылады.

Осылайша, жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылау жазалау тетігі ретінде емес, мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғаудың және жауапты басқару мәдениетін қалыптастырудың пәрменді құралы ретінде қарастырылады. Осы бағыттағы дәйекті профилактикалық жұмыс мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыруға және мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасы

 

 

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 31,1 МЫҢ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Алдыңғы

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-да құндылықтарды ұлықтаған «QURMET» іс-шарасы өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *