Жаңалықтар

Көкшетау қаласының мектептерінде «Мемлекеттік қызмет апталығы» өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Көкшетау қаласының бірқатар мектептерінде кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында ағымдағы жылдың 2-6 ақпаны аралығында «Мемлекеттік қызмет апталығы» өтті.

Бастаманың негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында мемлекетшілдік рухты қалыптастыру, оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызын түсіндіре отырып, оларды кәсіби бағдарлау және мемлекеттік басқару саласына үздік кадрларды тарту болып табылады.

Апталық шеңберінде Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейі, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы, №5 көпсалалы «Таңдау» мектеп-гимназиясы, №11 мектеп-гимназиясы, №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы сияқты білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары:

 «Заң мен тәртіп» бағыты шеңберінде қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіру арқылы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;

 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметке конкурстық және конкурстан тыс іріктеу тәртібін түсіндіру;

 Еqyzmet.gov.kz порталында жұмыс істеу тәртібін таныстыру және қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтарды ұсыну;

 Мемлекеттік қызмет жүйесінде жастарға арналып іске асырылып жатқан «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі», Президенттік жастар кадр резерві, Өңірлік кадр резерві, «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» және т.б. жобаларды таныстыру;

 Мемлекеттік органдардың қызметі туралы қызықты тақырыптық презентациялар ұсыну;

 Жеке тәжірибе үлгісін көрсету және мемлкеттік қызметке түсуге ынталандыру мақсатында Өңірлік кадр резервінің мүшесімен кездесу ұйымдастыру;

 «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссия және құндылықтар» тақырыбында дәріс оқу;

 Оқушыларды толғандыратын мәселелер бойынша пікір алмасу және т.б.

Мысалы, Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысыЖазира Сейтмағанбетова оқушыларға мемлекеттік қызметке іріктеудің заманауи тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар мен мемлекеттік аппараттағы сұранысқа ие мамандықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, жас мамандардың әлеуетін іске асыруға бағытталған стратегиялық жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары Марал Атамбаева және Гүлзат Омарова eqyzmet.gov.kz порталының жұмыс істеу алгоритмін көрсету арқылы кадрларды іріктеу процесінің цифрлық ашықтығы мен баршаға қолжетімділігіне ерекше тоқталды.

Кәсіби бағдарлау жұмыстарының жоспарына сәйкес оқушыларға «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссия және құндылықтар» тақырыбында дәріс оқылып, мемлекеттік органдардың қызметі туралы тақырыптық презентация ұсынылды. Мысалы, Көкшетаудағы цифрлық білім берудің флагманы саналатын Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларына мемлекеттік органдардың қызметі туралы тақырыптық презентация ұсынылды. Аталған мектептің цифрлық пәндерді тереңдете оқытатын мекеме болуына байланысты презентация шеңберінде оқушыларға Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы тарапынан жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар жайында толыққанды ақпарат ұсынылды. Негізінен, бұл шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталды. Презентация барысында оқушыларға өңірдегі «Smart City» (Ақылды қала) тұжырымдамасы, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру және Big Data технологияларын басқару ісі таныстырылды. Басқарма мамандары IT саласындағы білімнің мемлекеттік аппаратты жаңғыртудағы рөліне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ Өңірлік кадр резервінің мүшесі, Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі бас маманы Әйгерім Жақсыгельдинова М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен еркін форматта кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен заманауи мүмкіндіктерін таныстырды. Өз тәжірибесімен бөліскен маман Өңірлік кадр резервіне іріктеу ережелері мен мансаптық өсу жолдарына тоқталып, жастарды отансүйгіштікке және ел игілігі үшін қызмет етуге шақырды.

Осы тектес іс-шаралардың өткізілуі мемлекеттік аппараттың ашықтығын көрсетіп, жас буынның мемлекетшілдік санасын қалыптастыруда айрықша рөл атқарады. Жастарды кәсіби бағдарлау арқылы сапалы кадр резервін дайындау — ел болашағының кепілі, сондықтан мектеп оқушылары мен студенттерді мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталған бұл жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жаңа форматтағы кездесулермен толыға түспек.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ақпараты

 

 

ШАРДАРАНЫҢ БАЛЫҚ ЗАУЫТЫНДА

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *