
«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметкерлері үшін дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған ақпараттық-түсіндіру бағытындағы кездесу ұйымдастырылды. Басқосуда Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Қайрат Абуов шараның маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ шетелде діни білім алудың ықтимал қауіптері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиында облыстық дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында дін саласына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Спикер, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Кездесу барысында діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды сақтау, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мәселелерге ерекше назар аударылды.
Мекеме қызметкерлеріне жалған діни ағымдардың белгілері туралы да ақпарат ұсынылды. Кездесу соңында дінтанушылар ұжым мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауап берді.














Comments