Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 

Шымкентте 200 төсек-орындық №2 перинаталдық орталық құрылысы басталды. Өйткені, Ақжайық — қала шетінде орналасқан, жас отбасылар мен жастар көп шоғырланып, дамып келе жатқан шағынаудан. Салтанатты рәсімге қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков: «Бұл жоба – болашақ ұрпақ денсаулығына салынған инвестиция», – деді.

Бір қуанарлығы, шаһардағы туу көрсеткіші жоғары. Қолданыстағы төрт перинаталдық мекеме шамадан тыс жүктемемен жұмыс істейді. Жаңа орталық заманауи жабдықпен қамтамасыз етіліп, ана мен нәрестеге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады. Сарапшылар бұл жобаны ана мен сәби өлімін азайтуға бағытталған стратегиялық шешім деп бағалады.

Еліміздің болашағы сәбилер өмірге көптеп келіп, әр отбасын қуанышқа бөлей берсін!

Жанерке ОРАЛБЕК

«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Алдыңғы

ІРІ СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРМЕК

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *