ӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясатыЗаңҚоғам

«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы мен «Аналар кеңесінің» ұйымдастыруымен өткен «Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел аясында студент жастарды буллинг, кибербуллинг және сталкинг секілді заманауи қауіптерден қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
​Жиын барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сман аталған құқық бұзушылықтардың заңнамалық негіздеріне тоқталып, жәбірленушілердің құқығын қорғаудың нақты тетіктерін түсіндірсе, Шымкент қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Сүгірбаева мен университет оқытушылары қазақ отбасындағы сыйластық дәстүрлері мен толеранттылықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
​Мәдениет, спорт және педагогика саласының мамандары буллингтің алдын алудағы тәрбиенің рөлін ғылыми тұрғыда негіздеп, PhD докторанттар студенттердің психологиялық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған арнайы тренингтер өткізді. Шара барысында университет ортасын кез келген қысым мен қудалаудан бос, өзара құрмет пен сенімге негізделген қауіпсіз аймақ ретінде қалыптастырудың кешенді жоспары қарастырылып, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамына қажетті әдістемелік материалдар таратылды.

Жаңа Конституцияның жобасы: егемендік пен аумақтық тұтастық – өзгермейтін құндылықтар

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *