ӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясатыЗаңҚоғам

Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ерғали Омарұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, тиісті сала мамандары және комиссия мүшелері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, оның себептері мен шешу жолдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау шаралары енгізілді. Жиынды ашқан Ерғали Омарұлы мәселенің өзектілігіне ерекше тоқталып, балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – мемлекеттің басты басымдығы екенін атап өтті. Ол профилактикалық жұмыстарды күшейту және тиісті шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселеге байланысты №17 колледж директоры Ғани Мырзахметов баяндама жасап, білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары, психологиялық қолдау тетіктері, сондай-ақ тәуекел топтарымен жұмыс барысы туралы кеңінен мәлімет берді. Баяндамадан колледжде жасөспірімдердің психологиялық ахуалын қадағалау, қауіпті мінез-құлық белгілерін дер кезінде анықтау, педагогикалық және психолог мамандардың қатысуымен кешенді іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығы көрінді.
Сонымен қатар, қосымша баяндама білім бөліміне қарасты “Аққала” жалпы білім беретін мектебінің директоры Гүлмира Әуезова тарапынан ұсынылып, мектеп деңгейінде атқарылып жатқан тәрбиелік және психологиялық жұмыстарға тоқталды. Мектепте жасөспірімдермен жеке және топтық кеңестер, сенім телефондары, психологиялық тренингтер және ата-аналарға арналған түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда. Бұл шаралар оқушылардың психологиялық тұрақтылығын арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қауіпті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.
Комиссия мүшелері өз тараптарынан бірқатар ұсыныс-пікірлер білдірді. Олар ата-аналармен жұмысты күшейту, мектеп психологтарының рөлін арттыру, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүйелеу, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Мамандар бұл шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттырумен қатар, олардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне маңызды үлес қосатынын айтты.
Отырыс қорытындысында тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз ортаны қалыптастыру және балалардың психологиялық, әлеуметтік мәселелерін кешенді түрде шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру туралы шешім қабылданды. Комиссия мүшелері алдағы уақытта да бұл бағыттағы мониторингтік жұмыстарды тұрақты жүргізіп, жас ұрпаққа қолайлы және қауіпсіз орта қамтамасыз етуді жалғастыратындығын атап өтті.
Аталған отырыс балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау, құқықтарын сақтау және кәмелетке толмағандардың дамуына жағдай жасау мәселелерінде білім беру, құқық қорғау және әлеуметтік сала мамандарының өзара іс-қимылын нығайтуға арналған маңызды алаң болды. Мұндай жиындар жасөспірімдермен жұмыстың тиімділігін арттыруға, қауіпті мінез-құлыққа жол бермеуге және олардың қауіпсіздігі мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралардың жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Арыста Тәрбиеші офицерлер күніне орай дөңгелек үстел өтті

Алдыңғы

БӘЙДІБЕК: АУДАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *