ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

АРЫСТА ЖАҢАДАН 6 ӨНДІРІС ОШАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН «ҚҰРҒАҚ ПОРТ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Қала әкімі Қайсар Маңқараев Арыс–Шардара тас жолы бойында салынып жатқан өндірістік парк аумағында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында қала басшысы мердігер мекемеге жұмыс қарқынын арттырып, нысандарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
– Әр аудан мен қалада жаңа өндірістік алаңдар ашу жөнінде облыс басшысының нақты тапсырмасы бар. Негізгі мақсат – жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту. Сондықтан бұл жобалар уақытында іске қосылуы тиіс, – деді қала әкімі.
Жалпы аумағы 1,2 гектарды құрайтын өндірістік аймақта бүгінде 6 ғимараттың құрылысы қарқын алған. Әр ғимараттың көлемі 480 шаршы метр аумақты қамтиды.
Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары да қатар жүргізілуде. Электр желісі толық тартылған, кәріз жүйесі мен ауызсу скважинасы дайын. Қазіргі таңда табиғи газ желісін тарту жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, өндірістік паркте термопанельдер өндіру, пластик есік-терезелер шығару, жиһаз жасау, түйе сүтін терең өңдеу және табиғи газды есептегіш құралдар шығару бағытындағы бес жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Сапар аясында қала әкімі жеке инвестор есебінен салынып жатқан «құрғақ порт» алаңында да болды. Аумағы 9 мың шаршы метрді құрайтын логистикалық орталыққа теміржол тұйығы тартылған. Жүк тасымалын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы ауыр жүк көліктері де сатып алынған. Қала басшысы бұл жобаның өңір экономикасы үшін маңызды екенін атап өтіп, инвесторларға әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сонымен қатар қала әкімі «Coca-Cola» компаниясының ресми дистрибьютері болып табылатын «BADAM DRINKS» ЖШС-нің транспорттық-логистикалық орталығында болды. Аумағы 6 мың шаршы метрді құрайтын кәсіпорын да теміржол тұйығымен қамтылған. Қазіргі таңда мұнда 60-тан астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Орталық Арыс қаласымен қатар Ордабасы және Бәйдібек аудандарына тауар жеткізуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.

ҚҰРЫЛТАЙ МИНИСТРДІ БОСАТУҒА ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАТЫН БОЛАДЫ 

Алдыңғы

АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *