Басты ақпаратЗаңҚоғам

ҚҰРЫЛТАЙ МИНИСТРДІ БОСАТУҒА ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАТЫН БОЛАДЫ 

Сонымен бүгін, 26 қаңтарда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші және үшінші отырыстары өтті. Мұнда комиссия түзетулер жобасын талқылады.

Екінші отырыста Құрылтай депутаттары өз міндетін дұрыс атқара алмаған министрді Қазақстан Президентіне қызметінен босату туралы ресми өтінішпен шыға алатыны айтылды. Депутаттардың үштен бірі бұл жөнінде бастама көтерсе, оны есеп беруге шақыра алады. Есеп беру кезінде өз ісін орындай алмай жатқаны анықталса, Құрылтай Президентке оны қызметінен босату туралы ресми ұсыныс қабылдап, жібере алады. Бұл жөнінде сенат депутаты Нұрлан Бекназаров комиссия отырысында айтқан.

Құрылтай үкімет келісімінсіз бюджетті өзгерте алмайтыны, бұрын заң жобалары екі рет оқылымда қабылданатын болса, алдағы уақытта үш рет оқылымда қабылданатыны айтылды. Болашақ Құрылтайда барлық фракция өкілдерінен тең құралатын және олардың бәрін қамтитын тұрақты сараптамалық құқықтық комитет құру жөніндегі ұсынысты мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты.

 

Түс қайта үшінші отырыс басталды. Онда Конституцияда «Миранда қағидасы» жазылуы керек екені айтылды, яғни, бұл күдіктінің өз құқықтарын білуге және қорғауға кепілдік беретін ереже.

Конституцияның преамбуласы қайта жазылу керек екені де сөз болды. Бұл деген сөз Конституцияның не үшін және қандай құндылықтар үшін қабылданғанын түсіндіретін кіріспе бөлігі.

Депутат Максим Рожин Халық кеңесінің жалпыұлттық диалогтың жаңа форматы екенін айтты. Бір риза болғаным, таза қазақ тілінде сөйледі. Шіркін, Қазақстанда тұратын әрқайсысымыз осылай таза сөйлейтін болсақ қой деп армандайсың.

Мұнан да басқа мәселелер талқыланды.

Әрине, бұлардың бәрі ұсыныс қана. Бұлардың Ата Заңға қайсысы қабылданып, немесе қабылданбайтынын референдум шешеді.

Келесі төртінші отырыс 28 қаңтарда жалғасады.

Базаркүл ҚАЛБЫР, 

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі 

ПРЕЗИДЕНТ БАС ПРОКУРАТУРАДА ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *