Үстіміздегі жылдың 21 қаңтарында аудандық партия филиалының партиялық актив отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2026 жылдың 18 қаңтарында өткен Кербұлақ ауданы әкімінің сайлауы қорытындысы туралы. Партия активіне Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Қожағұлқызы Тойлыбаева, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы Арын, аудан әкімі Жанат Төлегенұлы Жүнісбеков және де мекеме басшылары мен партия ардагерлері қатысты. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тіркелген саяси партия аудан әкімінің сайлауына 1 кандидат ұсына алады. Осыған сәйкес, «AMANAT» партиясының конференциясында Жанат Төлегенұлы Жүнісбековтың кандидатурасы ұсынылып, сайлау қорытындысына сәйкес Ж. Жүнісбеков сайлаушылардың 80,9 пайыз даусын жинап жеңіске жетті. Жанат Төлегенұлын осы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта ел игілігі жолында атқаратын еңбегі нәтижелі болуына тілектеспіз!
Жергілікті ерекшеліктерді терең білетін азамат өңірдің тұрақты дамуына бағытталған тиімді бастамаларды іске асыратыны анық. Сондықтанда Жанат Төлегенұлының басты басымдығы алдағы уақытта инфрақұрылымды дамыту, білім мен медицина сапасын арттыру, халықты әлеуметтік қолдау мен жастар саясатын жүйелі жүргізу болып табылады. «Әкім болу әр адамның ісі, халқына жақын болу Нар тұлғаның ісі» демекші туған елде қызмет ету екі есе жауапкершілікті талап етеді. Алдағы уақытта Жанат Төлегенұлы халықтың сенімінен шығып, ауданның өркендеуіне аянбай еңбек ететініне сенімдіміз.













Comments