Бадам су қоймасының жанынан заманауи спорт базасы бой көтеруде. Қазіргі таңда құрылыстың 60 пайызы аяқталып, ескек есу базасының аумағында екі заманауи футбол алаңы мен қонақ үй кешенінің жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Мұндағы ғимараттар толық жөнделіп, инженерлік инфрақұрылымы толық жаңарады. Сонымен қатар, база аумағындағы екі футбол алаңына табиғи және жасанды көгал төселіп, судағы жаттығу айлағының жағалауы нығайтылады.
Бұл іс-шаралар спортшылардың жоғары деңгейде жаттығуына жағдай жасап, су және командалық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді.













Comments