ЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

ШЫМКЕНТТЕ 20 ТОМДЫҚ «ФАРАБИТАНУ» АТТЫ ЕҢБЕКТІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласында ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және белгілі фарабитанушы ғалымдар, зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға әл-Фарабидің еңбектерін терең танып, оның идеяларының бүгінгі қоғам мен мәдениет саласындағы өзектілігін айқындау. Конференция аясында философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаевтың жетекшілігімен дайындалған «Фарабитану» атты 20 томдық көптомдық еңбектің тұсауы кесілді. Бұл ауқымды жобаға шамамен екі жылға жуық уақыт кеткен. Ғалымдар тобының қажырлы еңбегінің нәтижесінде жарық көрген басылым — әл-Фарабидің бай мұрасын жүйелеп, жаңа ғылыми тұрғыдан саралаған іргелі еңбек.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаев конференция барысында әл-Фарабидің еңбектері тек өткеннің жәдігері емес, бүгінгі қоғамның рухани дамуына да бағыт-бағдар беретін құнды мұра екенін атап өтті. Оның айтуынша, әл-Фараби – адамзат ойының биігіне көтерілген, ғылым мен парасаттың нұрын шашқан ұлы тұлға.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы да ойлы пікірін ортаға салды.
— «Түркі дүниесінің біртуар перзенті – әл-Фараби қасиетті қазақ жерінде дүниеге келіп, шығыс перипатетизмінің негізін қалап, әлемге екінші ұстаз атанған ұлы тұлға. Қазақ деген атау ол заманда болмаса да, бүгінгі Отырар өңірінің топырағында кіндігі кесілген ұлы ғалымды қазақтан шыққан данышпан деп тану – тарихи әділдік», – деді.
Сәрсен Абайұлы сондай-ақ Ақжан Әлмашани, Ағын Қасымжанов, Клара Хашимова бастаған ғалымдар еңбегінің жалғасын бүгінгі буын лайықты түрде жалғастырып келе жатқанын, соның ішінде профессор Жақып Алтайұлы бастаған зерттеушілердің еңбегі ерекше екенін атап өтті.

ШЫМКЕНТТЕ «МЕН ДОНОРМЫН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН – АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМ АЙМАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *