Жаңалықтар

2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ешанқұлов Сапарбек Еркінбекұлы 2026 жылдан бастап салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер туралы айтып өтті.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес декларация негізінде жеңілдетілген арнайы салық режімі (АСР) енгізіледі. АСР табысы 600 мың АЕК (шамамен 2,4 млрд теңге) дейінгі ШОБ субъектілеріне арналып, әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған.

Бұдан басқа қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегі — 10 000 АЕК (шамамен 40 млн теңге) дейін азайтылды, бұл төлеушілердің шеңберін кеңейтеді. Сондай-ақ реформа есептілік көлемін 30% және салықтарды 20% дейін азайтуды көздейді.

Медицина мен білім беру саласына арналған 5% төмендетілген корпоративтік салық, жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы (10% және 15%), салықтық режимдердің үшке дейін қысқаруы, ҚҚС мөлшерлемесінің 16%-ға дейін артуы және қымбат автокөліктерге, яхталар мен жылжымайтын мүлікке арналған сән-салтанат салығының енгізілуі бар.

Жаңа заңда кәсіпкерлерден берешекті өндіріп алудың неғұрлым икемді және жұмсақ тәртібі қарастырылып отыр. Егер де қарыз мөлшері аз болса, компаниялардың шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Бұл бизнеске операцияларды тоқтатпай қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Қатаң шаралардың орнына алдын ала ескертулер мен хабарламалар жіберу тәсілі қолданылады.

Жаңа Салық кодексі азаматтардың табысына салынатын салық жүйесін жеңілдетіп, әділдік қағидатын күшейтті. Енді табыс деңгейіне қарай прогрессивті мөлшерлеме қолданылады:

жылдық табысы 35 млн теңгеге дейінгі азаматтар – 10%, ал бұл сомадан жоғары табысқа – 15% салық төлейді.

Жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар (адвокат, нотариус, медиатор және т.б.) үшін мөлшерлеме – 9%. Бұрынғы дивидендтерге берілетін жеңілдіктер жойылып, енді олар 5% және 15% ставкалармен салық салынады.

Әлеуметтік бағыттағы өзгерістер де ауқымды. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін шегерім көлемі 882 АЕК-тен 5000 АЕК-ке дейін ұлғайды. Бұл – әлеуметтік әділеттілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар, оқу, ипотека, емделу және көпбалалы отбасыларға берілетін жеке жеңілдіктер орнына бірыңғай стандартты шегерім енгізілді. Оның шекті көлемі ай сайын 30 АЕК болып бекітілді.

Жаңа жүйе салық төлеуді жеңілдетіп қана қоймай, азаматтардың нақты табысына сай әділ жүктеме орнатуды көздейді. Бұл реформа әлеуметтік теңдік пен орта тапты қолдаудың жаңа тетігіне айналады.

 

ЖЕР, КӨЛІК ЖӘНЕ МҮЛІК САЛЫҒЫ – ӘДІЛДІК ПЕН ТИІМДІЛІКТІҢ КЕПІЛІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *