Қазақстандық таеквондошы, Шымкент қаласының намысын қорғаған спортшы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, еліміздің әйелдер құрамасына алғашқы жүлдені сыйлады.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нодира жарысты жартылай финалда аяқтап, үздік үш спортшының қатарынан көрінді. Шешуші кездесуде ол Қытайлық Тайпей елінің өкілі Ю Юн Люден ұтылды.
Бүгінге дейін Нодира Ахмедова чемпионат барысында төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Екінші айналымнан бастап сынға түскен спортшы Бразилия, Канада және Тайланд өкілдерін тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Оның жеке бапкері – Ризаев Давран.
Айта кету керек, бұл – Нодира Ахмедованың спорттық мансабындағы ең ірі жетістігі ғана емес, сонымен қатар қазақстандық әйелдер таеквондосы тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы Бейжіңде қола медаль иеленген еді.
Осылайша, Нодира Ахмедова араға 18 жыл салып, қазақ таеквондосының әйелдер арасындағы әлемдік деңгейдегі табысын қайта жаңғыртты. Бұл жеңіс – еліміздің спорт саласындағы үлкен жетістік әрі жастарға шабыт сыйлайтын жарқын үлгі болды.
Шымкент қаласының таеквондошысы әлем чемпионатында үлкен жетістікке жетіп, қола медаль жеңіп алды. Қытайдың Уси қаласында өткен жарыста 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы бірнеше кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетіп, үздік үштікке енді. Бұл жеңіс қазақ таеквондосының әйелдер арасындағы тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып, ұлттық құраманың әлем чемпионатында 18 жылдан кейінгі алғашқы жүлдесі болды.
Жарыстың финалында спортшы, өкінішке қарай, қарсыласына жеңіліп қалғанымен, оның көрсеткен нәтижесі ел спорты үшін ерекше маңызды. Бұл жеңіс Қазақстанда әйелдер спортының дамуына жаңа серпін беріп, жастарға өз мүмкіндіктеріне сенуге шабыт сыйлайды.













Comments