ЖаңалықтарҚоғам

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Бүгін Ордабасы ауданында қоғамдық қабылдау өткіздім. Кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Қабылдауға Кемер ауылынан үш азамат келіп, ауыл шаруашылығы бағытындағы өзекті мәселелерін айтты.

Кемер ауылының тұрғыны Бахарам Мұхаммеджан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 220 гектар жерге сапасыз ұңғыма қазылғанын, соның салдарынан егінге қажетті су шықпай жатқанын жеткізді.

Аудан азаматы Жақсылық Полат Мұхтарұлы өз қаражатына ұңғыма қаздырып, енді оны электр желісіне қосуға көмек қажет екенін айтты.

Үшінші азамат Арыслан Берікбайұлы ауыл шаруашылығына арналған жерге қосымша жаңа ұңғыма салуға мемлекет тарапынан қолдау болса деген өтінішін білдірді.

Бұл — ауыл шаруашылығымен айналысатын Кемер ауылы тұрғындары үшін өте маңызды мәселе. Сол себепті, алдағы аптада аудан әкімінің осы салаға жауапты орынбасары Мейрамбек Ақмұратовпен бірге жердің басына барып, жағдайды өз көзімізбен көріп, шаруалармен баламалы шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға келістік. Аталған мәселе бойынша «ҚазСуШар» мекемесінің облыстық филиалынан да жауапты мамандар шақырылмақ.

Халықтың ұсынысы мен өтініші — әрқашан назарда.

Мақсат – мәселені бірге талдап, нақты нәтижеге қол жеткізу.

Дулат ӘБІШ, 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» телерадио корпорациясының Президенті.

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *