МәдениетРуханият

«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ»

Өмірге құштар ерекше жандардың жүрегінен шыққан жыр тыңдарманды толқытты. Халық ақынының жыр шумақтарын жатқа айтқан өнерпаздар жыр додасын қыздырды. Мегаполисте «Мөлдіреген жыр сезім» атты мүгедектігі бар азаматтар арасындағы Республикалық әдеби байқау өтті. Бұл мүшайра Қазақстанның халық ақыны «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған. Еліміздің барлық аймақтарынан келген көркем сөз шеберлері аяулы ақынның жырларын жатқа айтты. Әр аймақтан іріктелген қатысушылар шеберліктерін паш етті. Жыр додасына 13 ақын келген.

“Шалқар шабыт” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің шығармашылық жетекшісі Ербек Бакиев шараның мақсатын атап өтті.

-Мақсатымыз өмірге құштар, өлеңге құштар ақындарды сахнаға шығарсақ, ел алдында өлеңін дәріптесек деген ой болды. Әр жыл сайын әр ақынның шығармаларын насихаттаудамыз. Биылғы жыл қазаққа қызмет еткен Әселхан анамызға арналып отыр,-дейді ол.

Әдеби байқауға көрерменнің көңілі толды. Себебі жыр сүйер қауымның көбі Әселхан ақынның айтысын тамашалап, жырларымен өскен. Сондықтан Отырардың қасиетті топырағынан шыққан дара тұлға көңілге оттай ыстық.

Айта кету керек, Әселхан Қалыбекованың ұрпақтары да көрермендер сапынан табылды. Анасының атын атап, өнерін ұлықтаған ерекше жандарға шынайы алғысын білдірді.

-Ерекше жаратылған деп айтамыз ғой. Сол кісілердің ынтасымен оқылып жатқан өлеңдер ерекше әсерге бөледі. Әсіресе “Отырардың аспаны”, “Ө.Жәнібековке арнау”, “Репресияға ұшыраған жандардың монологы” бар, әрқайсысы бір тарих,-дейді Әселхан Қалыбекованың қызы Фариза Құрманбек.

Байқауға қатысушылардың барлығы құр қол қайтпады. Ынталандыру сыйлығынан бөлек, жеңімпаздарға қомақты қаржы бөлінген. Бастысы өмірге құштар жандар халық ақынының жырлары өміршең екендігін тағы бір дәлелдеді.

Шара соңында қатысушылардың барлығы арнайы сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Әрбір қатысушы өз өнерімен көрермендерді терең ойға қалдырды. «Мөлдіреген жыр сезім» байқауы жастар мен жасамыс буын арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, поэзияның құдіреті мен мүгедектігі бар азаматтардың өнерге деген ықыласын көрсеткен маңызды оқиғаға айналды. Жырмен өрілген бұл кеш ерекше жүрекке ұялап, тыңдармандарға ұмытылмас сәттер сыйлады. Байқау жеңімпаздары өздерінің шығармашылық әлеуетін дәлелдеп, көркем сөздің ұмытылмас күші мен терең мағынасы арқылы Әселхан Қалыбекованың рухына құрмет көрсетті.

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АУЛАЛАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *