ДенсаулықЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ КӨЗ ЖАНАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Шымкенттік дәрігерлер жарақат салдарынан көзі көру қабілетінен айырылған 63 жастағы зейнеткерге күрделі ота жасап, көз жанарын қалпына келтірді. Науқастың көзіне шыбық тиіп кеткен көрінеді. Ауырсыну сезілмегендіктен, дәрігерге дер кезінде қаралмаған. Алайда уақыт өте оның оң көзі мүлдем көрмей қалған. Медициналық тексеру барысында жарақат орнында тесік пайда болып, сұйықтық жиналғаны және тор қабатының ажырауы, күрделі катаракта анықталады.

Уақыт өткізіп алғанына қарамастан, «Astana Vision» клиникасының білікті дәрігерлері науқастың көз жанарын қалпына келтіре алды. Операцияны аталған клиниканың офтальмохирургы Айтман Абдрахманов жасаған.

Нарықтағы құны 500 мың теңгелік ота пациентке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетілді.

Аталған клиникада катаракта, глаукома, тор қабатының ажырауы сынды диагноздарға заманауи оталар МӘМС есебінен сақтандырылған азаматтарға тегін жасалады. Дәрігерлердің мәліметінше, жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде мұндай 800-ден астам күрделі ота жасаған.

Жалпы Шымкент қаласында МӘМС аясында 5 клиника көз ауруларын емдейді.

Біле жүріңіз! МӘМС – тек қарапайым тексерумен шектелмейді. Бұл – көру, есту, қозғалыс секілді маңызды функцияларды жоғалту қаупі төнген жағдайда да жоғары технологиялық көмекті тегін алуға мүмкіндік беретін жүйе.

Науқастың көзін емдеуде дәрігерлердің дәл диагностикасы мен уақытында жасалған әрекеттері маңызды рөл атқарды. Күрделі операциялар тек маманның біліктілігіне ғана емес, сонымен қатар дұрыс құрал-жабдық пен медициналық технологияларға да тәуелді. Мәселен, катаракта мен тор қабатының ажырауы сияқты ауруларды емдеуде заманауи әдістерді қолдану нәтижесін айтарлықтай жақсартады. Қазіргі таңда жоғары технологиялық құралдар мен зерттеу әдістері дәрігерлерге науқастардың көзіне қатысты кез келген ақауларды тез әрі тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

Осы орайда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзінің артықшылықтарын көрсетіп отыр. МӘМС бағдарламасы пациенттерге жоғары деңгейде мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, дәрігерлердің біліктілігі мен заманауи жабдықтарды қолдануды да қамтиды. Бұл жүйе арқылы азаматтар қымбат медициналық қызметтерді тегін ала алады, бұл өз кезегінде көптеген адамдар үшін үлкен көмек болып табылады.

 

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

Алдыңғы

«TAZA QAZAQSTAN» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *