Жастар саясатыҚоғам

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастарына арналған «Тәрбиелі ұрпақ – ел тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ буллингке қарсы мәдени көзқарасты дамыту болып табылады.

Кездесу барысында салалық мамандар мен сарапшылар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетке баулу және тұлғалық дамуына ықпал ететін тәрбиелік бағыттарды кеңінен талқылады. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау мен құқықтық сауаттылықты жетілдіру мәселелері қозғалды.

Аталған шараға Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры Дінислам Әлжан, Az-UIA (Әз-Ұя) қоғамдық бірлестігінің педагог-психологы Алтынбек Боранбек, PhD доктор, доцент, тәжірибелі психолог әрі гештальт-терапевт Салтанат Асанова қатысып, өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Аға прокурор Дінислам Әлжан жастарға заң үстемдігі мен тәртіптіліктің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіре келе, елге адал қызмет ету – нағыз патриотизмнің көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтық белсенділік ұрандатумен шектелмей, әр адамның өз ісіне деген адалдығы мен қоғамға пайдалы болуға ұмтылысынан көрініс табуы тиіс. «Күшті республика – сенімді болашақ» қағидаты әрбір азаматтың саналы әрекетімен жүзеге асырылады.

Іс-шара барысында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және олардың болашақтағы азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелері маңызды орын алды. Спикерлер жастарды тек құқықтық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыда да тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Құқықтық сауаттылық – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, ал жастардың осы бағытта білімді болуы олардың өз құқықтарын қорғауға, қоғамда әділдік пен заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Дінислам Әлжан өзінің сөзінде жастардың елге деген адалдығын, патриотизмді тек сөзбен емес, нақты істермен дәлелдеуі қажеттігін айтты. Бұл бағыттағы жұмыс қоғамның әрбір мүшесіне азаматтық жауапкершілік пен өз ісіне деген сенімділікті тәрбиелеуді талап етеді. Жастарды өз ұлтының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге шақыру арқылы біз оларды тек заңды сақтаушы ғана емес, қоғамды алға апаратын белсенді азаматтар ете аламыз.

 

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *