Жастар саясатыҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Қабыл Сұлтан Абзалұлы, Дін істері басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Шамуратов Алихан Дилмуратұлы, Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары Төлегенов Сәбит Төлепбергенұлы, аудан прокуратурасының прокуроры Алимбеков Асқар Тұрдымұратұлы, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, генерал Исабеков Ақжігіт Қалтайұлы қатысты.

Кездесу барысында жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу, лудомания, интернет алаяқтық және кереғар діни ағымдардың зардаптары жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Бұл бағыттағы дөңгелек үстелдің маңызы ерекше, өйткені жастардың құқықтық білім алуында заңды білу, өз құқықтары мен міндеттерін түсіну өте маңызды. Сонымен қатар, заң бұзушылықтарды алдын алу және интернетте таралатын қылмыстық әрекеттердің зиянын түсіндіру қажет.

Дөңгелек үстел барысында спикерлер жастарды интернет алаяқтыққа қарсы сақ болуға, лудомания мен түрлі тәуелділіктердің зардаптарын түсінуге шақырды. Атап айтқанда, интернет кеңістігінде жастар арасында кең таралған алаяқтық әрекеттер мен кереғар діни ағымдар туралы егжей-тегжейлі талқыланды. Құқық қорғаушы органдар мен мамандар осындай мәселелермен күресу үшін жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Спикерлердің айтуынша, жастардың құқықтық білімін арттыру олардың өз құқықтарын қорғап, қоғамдағы заң бұзушылықтарды болдырмауға көмектеседі. Әрбір жас азамат өзінің құқықтарын білуі, өзіне және қоғамға зиян тигізбеу үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Оның үстіне, мұндай іс-шаралар жастарды тек құқықтық сауаттылықпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды азаматтық жауапкершілікке, патриотизмге баулиды.

 

Жастардың репродуктивті денсаулығы – болашақ ұрпақтың кепілі

Алдыңғы

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *