Сауран аудандық ішкі саясат бөлімі және ҚМДБ Сауран аудандық өкілдігімен бірлесіп Бостандық ауылдық мешітінде ұстаз, ҚМДБ РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаевтың қатысуымен «Имам Әбу Ханифа адалдық мен әділдіктің үлгісі» тақырыбында уағыз-насихат шарасы өткізілді.
Шараға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а. Қалеке Марат, Сауран ауданының бас имамы Полатов Еркін, Ораңғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, Бостандық ауылдық мешітінің имамы Сәкен Ермекұлы, мешіт жамағаты, жастар, ақсақалдар қатысты.
Насихат шарасында ұстаз Арман Баймаханұлы имам Әбу Ханифаның адалдық пен әділдігі туралы айтып, дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіптілігі мен салт-дәстүрлер жөнінде кеңінен жеткізе білді.

• Имам Әбу Ханифаның өмірі мен ілімін таныстыру:
Оның ислам дініндегі орнын, фиқһ саласына қосқан үлесін, әділеттілікке негізделген шешімдерін насихаттау.
• Әділдік пен туралық қағидаларын дәріптеу:
Қоғамда әділдік, турашылдық, шынайылық сияқты ізгі қасиеттердің маңызын түсіндіру, имамның осы бағыттағы өнегелі өмірінен мысал келтіру.
• Дәстүрлі емес діни ағым жақтастарының қауіптілігі туралы түсіндіру;
• Жастар мен жамағатты рухани тәрбиелеу:
Имам Әбу Ханифа сияқты ғұламалардың өмір жолы арқылы жастарды білімге, әділдікке, тақуалыққа тәрбиелеу.
• Діни сауаттылықты арттыру:
ҚМДБ және РАНТ мүшесінің қатысуымен діни білім мен ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.
Насихат шарасының соңында ұстаз Арман Баймаханұлына аудан әкімі М.Таңғатаровтың Алғыс хаты табысталып, құрмет көрсетілді.
Ауыл ақсақалдары мешітке арнайы келіп, рухани құндылықтар туралы кеңінен жеткізгені үшін Арман Қуанышбаевқа алғыстарын білдірді.

Comments