14 қазан күні Сауран аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен “Әкелер мектебі – тәрбие мектебі” тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың мақсаты — отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, әкелердің бала тәрбиесіне белсенді араласуын қамтамасыз ету және қоғамдағы жауапты әке бейнесін қалыптастыру.
Алқалы жиынға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а. Қалеке Марат, аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Бекмурзаев Жұмағали, білім бөлімінің әдіскері Октябрь Алдияров, “Әкелер мектебінің” төрағалары, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Жиында ұрпақ тәрбиесінің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, жастардың дамуы, отбасындағы баланың тәлім-тәрбиесі жайында ой қозғалып, маңызды әңгімелер айтылды.
Семинарда аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а. Қалеке Марат, аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Бекмурзаев Жұмағали сөз сөйлеп, әкелердің рөлін арттыру бойынша ұсыныстарын айтты.
Ұрпақ тәрбиесі қоғамдағы басты назарда болып, әрбір ата-ана бала тәрбиесіне мән беру керектігі, мектептерде тәрбие жайында жиындарды жиі ұйымдастырып, мемлекеттің жарқын болашақтарына дұрыс білім берумен қатар, тәрбиесіне аса мән беру керектігі ұсынылды.
Семинар барысында «Әйтеке би» атындағы жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шегенбаев, «Әль-Фараби» атындағы жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Нишанбаев, «Төле би» атындағы жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Турметов 2024-2025 оқу жылында Әкелер мектебінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Семинарды аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Бекмурзаев Жұмағали қорытындылап, үздік жұмыс көрсеткен бірқатар тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен әкелер мектебінің төрағаларын білім бөлімінің, Әкелер мектебінің Алғыс хаттарымен және естелік медалдарымен марапаттады.

Comments